Қор нарығында доллар 5 теңгеге қымбаттады
АЛМАТЫ. KAZINFORM — Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындысы бойынша доллар бағамы қымбаттады.
Күндізгі сауда-саттық қорытындысы бойынша доллардың орташа бағамы 5,12 теңгеге өсіп, 490,21 теңге болды. Ұлттық банктің ресми бағамы — 484,78 теңге.
Kurs.kz мәліметіне сәйкес, елорданың ақша айырбастау орындарында:
— доллар 485,01 теңгеден сатып алынады, 492,01 теңгеден сатылады;
— еуро: сатып алу — 562,00 теңге, сату — 573,45 теңге;
— рубль: сатып алу — 6,50 теңге, сату — 6,80 теңге.
— юань: сатып алу — 68,80 теңге, сату — 73,86 теңге.
Алматының ақша айырбастау пункттерінде доллар орта есеппен 488,02 теңгеден сатып алынады, 490,20 теңгеден сатылады. Еуро 563,57 — 568,91 теңге, ал рубль 6,53 — 6,67 теңге аралығында саудаланады. Ал юань 70,36 теңгеден сатып алынады, 72,98 теңгеден сатылады.
Еске салайық, 8 маусым күндізгі сауда-саттық қорытындысы бойынша доллардың орташа бағамы 2,46 теңгеге түсіп, 484,78 теңге болды.