17:06, 22 Шілде 2024 | GMT +5
Қор нарығында доллар 5 теңгеге төмендеді
АЛМАТЫ. KAZINFORM – Қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындысы бойынша, 1 доллардың теңгеге қатысты бағамы арзандады.

Күндізгі сауда-саттық мәліметіне қарағанда, доллар бағамы 5,13 теңгеге төмендеп, 1 доллар 473,15 теңге болды.
Айта кетейік, Ұлттық банктің 22 шілдедегі ресми бағамы – 1 доллар үшін 478,58 теңге.
Kurs.kz мәліметінше, Алматыдағы ақша айырбастау пункттерінде доллардың сату бағамы – 473,1 теңге, сатып алу – 475,1 теңге.
Ал, Астана қаласы бойынша сату бағамы 472 теңгеден болса, сатып алу – 477 теңге.
Алматыда Ресей рублі 5,29 – 5,39 теңге аралығында саудалануда.
Астанада көрші ел валютасы 5,22 – 5,37 теңгеден сатылып жатыр.