Қор нарығында доллар арзандады

АЛМАТЫ. KAZINFORM – Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындысы бойынша, 1 доллардың теңгеге қатысты бағамы түсті.

доллар
Фото: Мухтор Холдорбеков/Kazinform

Күндізгі сауда-саттық мәліметіне қарағанда, доллар бағамы 0,36 теңгеге төмендеп, 1 доллар 446, 72теңге болды.

Айта кетейік, Ұлттық банктің 12 ақпандағы ресми бағамы – 1 доллар үшін 447,10 теңге.

Kurs.kz мәліметінше, Алматыдағы ақша айырбастау пункттерінде доллардың сату бағамы – 447,5 теңге, сатып алу – 449,7 теңге.

Ал Астана қаласы бойынша сату бағамы – 447 теңгеден болса, сатып алу – 451 теңге.

Алматыда Ресей рублі 4,91 - 4,97 теңге аралығында саудаланып жатыр.

Ал Астанада көрші ел валютасы 4,91 - 4,95 теңге.

Соңғы жаңалықтар