Қор нарығында доллар арзандады

АЛМАТЫ. KAZINFORM – Қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындысы бойынша, 1 доллардың теңгеге қатысты бағамы арзандады.

Деньги Ақша доллары
Фото: Александр Павский/ Kazinform

Күндізгі сауда-саттық мәліметіне қарағанда, доллар бағамы 2,17 теңгеге төмендеп, 1 доллар 472,49 теңге болды.

Айта кетейік, Ұлттық банктің 15 шілдедегі ресми бағамы – 1 доллар үшін 475,03 теңге.

Kurs.kz мәліметінше, Алматыдағы ақша айырбастау пункттерінде доллардың сату бағамы – 472,1 теңге, сатып алу – 474,3 теңге.

Ал, Астана қаласы бойынша сату бағамы 471 теңгеден болса, сатып алу – 475 теңге.

Алматыда Ресей рублі 5,29 – 5,39 теңге аралығында саудалануда.

Астанада көрші ел валютасы 5,25 – 5,35 теңгеден сатылып жатыр.

Соңғы жаңалықтар