Қор нарығында доллар арзандады

АЛМАТЫ. KAZINFORM – Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындысы бойынша, 1 доллардың теңгеге шаққандағы бағамы төмендеді.

доллар
Фото: Freepik

KASE қор нарығындағы күндізгі сауда қорытындысы бойынша, доллар бағамы 0, 81 теңгеге арзандады.

Бір АҚШ долларының орташа бағамы – 479, 71 теңге.

Ұлттық банктің 24 қыркүйектегі ресми бағамы – 1 долларға 480, 50 теңге.

Ресей рублінің орташа сараланған құны – 5,18 теңге.

Еуро – 534, 22.

Kurs.kz мәліметінше, қазіргі уақытта Алматының ақша айырбастау пункттерінде доллар 479,1 теңгеден сатылып жатыр, сатып алу бағамы – 480,9 теңге. Еуро 532,5 – 536, 5 теңге аралығында құбылып тұр.

Ал, Астана қаласы бойынша сату бағамы – 478 теңге, сатып алу құны – 482 теңге. Еуро 529 теңгеден сатылып, 535 теңгеден сатып алынады. 

Ресей рублі 5,13 – 5,23 теңге аралығында саудаланып жатыр.

Соңғы жаңалықтар