Қор нарығында доллар арзандады

АЛМАТЫ. KAZINFORM — Қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындысы бойынша 1 доллардың теңгеге қатысты бағамы арзандады.

доллар
Фото: Kazinform

Күндізгі сауда-саттық мәліметі бойынша, доллар бағамы 0,48 теңгеге төмендеп, 1 доллар 450,61 теңгені құрады. 

Ұлттық банктің 29 ақпандағы ресми бағамы — 1 доллар үшін 451,31 теңге.

Kurs.kz мәліметінше, Алматыдағы ақша айырбастау пунктерінде доллардың сату бағамы — 451 теңге, сатып алу — 452,3 теңге. Ал, Астана қаласы бойынша сату бағамы — 448 теңгеден болса, сатып алу — 453 теңге. 

Алматыда Ресей рублі 4,85 — 4,95 теңге аралығында саудаланып жатыр. Астанада көрші ел валютасы 4,83 — 4,98 теңгеден сатылуда.