16:06, 19 Сәуір 2024 | GMT +5
Қор нарығында доллар арзандады
АЛМАТЫ. KAZINFORM – Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындысы бойынша 1 доллардың теңгеге қатысты бағамы төмендеді.

Күндізгі сауда-саттық мәліметіне қарағанда, доллар құны 0,86 теңгеге төмендеп, 1 доллар 446,49 теңге болды.
Айта кетейік, Ұлттық банктің 19 сәуірге белгілеген ресми бағамы – 1 доллар үшін 447, 40 теңге.
Kurs.kz мәліметінше, Алматыдағы ақша айырбастау пункттерінде доллар 446,5 теңгеден сатылып жатыр, сатып алу – 447,5 теңге.
Ал, Астана қаласында сату бағасы – 445 теңге болса, сатып алу – 450 теңге.
Ресей рублі Алматыда 4,69 – 4,78 теңге, Астанада 4,69–4,81 теңге аралығында саудаланып жатыр.