Қор нарығында доллар арзандады

АЛМАТЫ. KAZINFORM – Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындысы бойынша 1 доллардың теңгеге қатысты бағамы төмендеді.

доллар
Фото: pexels.com

Күндізгі сауда-саттық мәліметіне қарағанда, доллар құны 0,91 теңгеге төмендеп, 1 доллар 443,35 теңге болды.

Айта кетейік, Ұлттық банктің 26 сәуірге белгілеген ресми бағамы – 1 доллар үшін 444,22 теңге.

Kurs.kz мәліметінше, Алматыдағы ақша айырбастау пункттерінде доллар 443,3 теңгеден сатылып жатыр, сатып алу – 444,7 теңге.

Ал, Астана қаласында сату бағасы – 442 теңге болса, сатып алу – 447 теңге.

Ресей рублі Алматыда 4,76 – 4,79 теңге, Астанада 4,72–4,82 теңге аралығында саудаланып жатыр.

Соңғы жаңалықтар