Қор нарығында доллар арзандады
Қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындысы бойынша, 1 доллардың теңгеге қатысты бағамы арзандады, деп хабарлайды Kazinform.
Күндізгі сауда-саттық мәліметіне қарағанда, доллар бағамы 0,93 теңгеге төмендеп, 1 доллар 456,09 теңге болды.
Айта кетейік, Ұлттық банктің 4 қаңтардағы ресми бағамы – 1 доллар үшін 457, 06 теңге.
Kurs.kz мәліметінше, Алматыдағы ақша айырбастау пунктерінде доллардың сату бағамы – 456,5 теңге, сатып алу – 459,5 теңге. Ал, Астана қаласы бойынша сату бағамы – 455 теңгеден болса, сатып алу – 459 теңге.
Алматыда Ресей рублі 4,83 – 5,03 теңге аралығында саудаланып жатыр. Астанада көрші ел валютасы 4,83 – 4,93 теңгеден сатылуда.