16:20, 14 Наурыз 2024 | GMT +5
Қор нарығында доллар арзандады
АЛМАТЫ. KAZINFORM – Қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындысы бойынша, 1 доллардың теңгеге қатысты бағамы арзандады.

Күндізгі сауда-саттық мәліметіне қарағанда, доллар бағамы 0,65 теңгеге төмендеп, 1 доллар 449,16 теңге болды.
Ұлттық банктің 14 наурыздағы ресми бағамы – 1 доллар үшін 449,89 теңге.
Kurs.kz мәліметінше, Алматыдағы ақша айырбастау пункттерінде доллардың сату бағамы – 448,9 теңге, сатып алу – 450,9 теңге.
Ал, Астана қаласы бойынша сату бағамы – 448 теңгеден болса, сатып алу – 452.
Алматыда Ресей рублі 4,83 – 4,95 теңге аралығында саудаланып жатыр.
Астанада көрші ел валютасы 4,75 – 4,9 теңгеден сатылуда.