Қор нарығында доллар арзандады

доллар
Фото: Pіxabay.com

АЛМАТЫ. KAZINFORM – Қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындысы бойынша, 1 доллардың теңгеге қатысты бағамы арзандады.

Күндізгі сауда-саттық мәліметіне қарағанда, доллар бағамы 0,49 теңгеге төмендеп, 1 доллар 450,79 теңге болды.

Айта кетейік, Ұлттық банктің 14 маусымдағы ресми бағамы – 1 доллар үшін 451,38 теңге.

Kurs.kz мәліметінше, Алматыдағы ақша айырбастау пункттерінде доллардың сату бағамы – 452,1 теңге, сатып алу – 453, 9 теңге.

Ал Астана қаласы бойынша сату бағамы 449 теңгеден болса, сатып алу – 454 теңге.

Алматыда Ресей рублі 4,91 – 5,09 теңге аралығында саудаланып жатыр.

Астанада көрші ел валютасы 4,89 – 5,03 теңгеден сатылып жатыр.

Соңғы жаңалықтар