Қор нарығында доллар арзандады

доллар
Коллаж: Kazinform

АЛМАТЫ. KAZINFORM – Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындысы бойынша 1 доллардың теңгеге қатысты бағамы төмендеді.

Күндізгі сауда-саттық мәліметіне қарағанда, доллар құны 1,76 теңгеге төмендеп, 1 доллар 441,44 теңге болды.

Айта кетейік, Ұлттық банктің 29 сәуірге белгілеген ресми бағамы – 1 доллар үшін 443,35 теңге.

Kurs.kz мәліметінше, Алматыдағы ақша айырбастау пункттерінде доллар 441,5 теңгеден сатылып жатыр, сатып алу – 443,1 теңге.

Ал, Астана қаласында сату бағасы – 441 теңге болса, сатып алу – 446 теңге.

Ресей рублі Алматыда 4,69 – 4,79 теңге, Астанада 4,7–4,8 теңге аралығында саудаланып жатыр.

Соңғы жаңалықтар