Қор нарығында доллар арзандады

Қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындысы бойынша 1 доллардың теңгеге қатысты бағамы арзандады, деп хабарлайды Kazinform. 

Доллар
Фото: Kazinform

Күндізгі сауда-саттық мәліметіне қарағанда, доллар бағамы 0,31 теңгеге төмендеп, 1 доллар 453,12 теңге болды.

Айта кетейік, Ұлттық банктің 11 қаңтардағы ресми бағамы – 1 доллар үшін 453, 34 теңге.

Kurs.kz мәліметінше, Алматыдағы ақша айырбастау пунктерінде доллардың сату бағамы – 452,9 теңге, сатып алу – 455,3 теңге.

Ал, Астана қаласы бойынша сату бағамы – 452,5 теңгеден болса, сатып алу – 456,5.

Алматыда Ресей рублі 4,97 – 5,15 теңге аралығында саудаланып жатыр.

Астанада көрші ел валютасы 5 – 5,15 теңгеден сатылуда.

Соңғы жаңалықтар