Қор нарығында доллар арзандады

Қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындысы бойынша, 1 доллардың теңгеге қатысты бағамы арзандады, деп хабарлайды Kazinform.

доллар
Фото: Kazinform

Күндізгі сауда-саттық мәліметіне қарағанда, доллар бағамы 1,38 теңгеге төмендеп, 1 доллар 456,22 теңге болды.

Айта кетейік, Ұлттық банктің 26 желтоқсандағы ресми бағамы — 1 доллар үшін 457, 63 теңге.

Kurs.kz мәліметінше, Алматыдағы ақша айырбастау пунктерінде доллардың сату бағамы — 457,1 теңге, сатып алу — 459,5 теңге.

Ал, Астана қаласы бойынша сату бағамы — 457,5 теңгеден болса, сатып алу — 458,5

Алматыда Ресей рублі 4,89 — 5,07 теңге аралығында саудаланып жатыр.

Астанада көрші ел валютасы 4,97 — 5 теңгеден сатылуда.