Қор нарығында доллар арзандады

Қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындысы бойынша, 1 доллардың теңгеге қатысты бағамы арзандады, деп хабарлайды Kazinform.

Доллар
Фото: Kazinform

Күндізгі сауда-саттық мәліметіне қарағанда, доллар бағамы 1,70 теңгеге төмендеп, 1 доллар 468, 13 теңге болды. 

Айта кетейік, Ұлттық банктің 2 қарашадағы ресми бағамы – 1 доллар үшін 470, 09 теңге. 

Kurs.kz мәліметінше, Алматыдағы ақша айырбастау пунктерінде доллардың сату бағамы – 468,5 теңге, сатып алу – 470, 9 теңге. Ал, Астана қаласы бойынша сату бағамы – 468,3 теңгеден болса, сатып алу – 471,37 

Алматыда Ресей рублі 4,89 – 5,07 теңге аралығында саудаланып жатыр. Астанада көрші ел валютасы 4,92 – 5,07 теңгеден сатылуда.