16:00, 29 Шілде 2024 | GMT +5
Қор нарығында доллар арзандады
АЛМАТЫ. KAZINFORM — Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындысы бойынша, 1 доллардың теңгеге шаққандағы бағамы төмендеді.

KASE қор нарығындағы күндізгі сауда қорытындысы бойынша, доллар бағамы 1,21 теңгеге арзандады.
Бір АҚШ долларының орташа бағамы — 473,29 теңге.
Ұлттық банктің 29 шілдедегі ресми бағамы — 1 долларға 474,83 теңге.
Ресей рублінің орташа сараланған құны — 5,50 теңге.
Kurs.kz мәліметінше, қазіргі уақытта Алматының ақша айырбастау пункттерінде доллар 473,8 теңгеден сатылып жатыр, сатып алу бағамы — 474,5 теңге.
Ал Астана қаласы бойынша сату бағамы — 471 теңге, сатып алу құны — 476 теңге.
Ресей рублі 5,35 — 5,50 теңге аралығында саудаланып жатыр.