Қор нарығында доллар арзандап келеді

АЛМАТЫ. KAZINFORM — Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындысы бойынша доллар бағамы төмендеді.

Қор нарығында доллар арзандап келеді
Коллаж: Kazinform/ЖИ

Күндізгі сауда-саттық қорытындысы бойынша доллардың орташа бағамы 0,55 теңгеге түсіп, 443,96 теңге болды. Ұлттық банктің ресми бағамы — 444,30 теңге.

Kurs.kz мәліметіне сәйкес, елорданың ақша айырбастау орындарында:

  • доллар 441,00 теңгеден сатып алынады, 448,00 теңгеден сатылады;
  • еуро: сатып алу — 487,04 теңге, сату — 498,33 теңге;
  • рубль: сатып алу — 5,10 теңге, сату — 5,30 теңге;
  • юань: сатып алу — 67,46 теңге, сату — 71,27 теңге.

Алматының ақша айырбастау пункттерінде доллар орта есеппен 444,21 теңгеден сатып алынады, 445,87 теңгеден сатылады. Еуро 488,84 — 493,32 теңге, ал 5,13 — 5,24 теңге аралығында саудаланады. Ал юань 67,12 теңгеден сатып алынады, 69,53 теңгеден сатылады.

Еске салайық, 16 қараша күндізгі сауда-саттық қорытындысы бойынша доллардың орташа бағамы 444,40 теңге болды.