15:50, 07 Наурыз 2024 | GMT +5
Қор нарығында доллар арзандап жатыр
АЛМАТЫ. KAZINFORM – Қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындысы бойынша, 1 доллардың теңгеге қатысты бағамы арзандады.

Күндізгі сауда-саттық мәліметіне қарағанда, доллар бағамы 0,54 теңгеге төмендеп, 1 доллар 447,29 теңге болды.
Ұлттық банктің 7 наурыздағы ресми бағамы – 1 доллар үшін 447,52 теңге.
Kurs.kz мәліметінше, Алматыдағы ақша айырбастау пункттерінде доллардың сату бағамы – 449,1 теңге, сатып алу – 451,1 теңге.
Ал Астана қаласы бойынша сату бағамы 447,5 теңгеден болса, сатып алу – 452,5 теңге.
Алматыда Ресей рублі 4,85 – 4,97 теңге аралығында саудаланып жатыр.
Астанада көрші ел валютасы 4,8 – 4,95 теңгеден сатылып жатыр.