15:52, 22 Ақпан 2024 | GMT +5
Қор нарығында доллар арзандап жатыр
АЛМАТЫ. KAZINFORM – Қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындысы бойынша, 1 доллардың теңгеге қатысты бағамы арзандады.
Күндізгі сауда-саттық мәліметіне қарағанда, доллар бағамы 0,30 теңгеге төмендеп, 1 доллар 450,47 теңге болды. Ұлттық банктің 22 ақпандағы ресми бағамы – 1 доллар үшін 450,80 теңге.
Kurs.kz мәліметінше, Алматыдағы ақша айырбастау пунктерінде доллардың сату бағамы – 450,3 теңге, сатып алу – 452,3 теңге. Ал, Астана қаласы бойынша сату бағамы – 449,5 теңгеден болса, сатып алу – 453,5 теңге.
Алматыда Ресей рублі 4,79 – 4,91 теңге аралығында саудаланып жатыр. Астанада көрші ел валютасы 4,78 – 4,86 теңгеден сатылуда.