Қор нарығында доллар бағамы аздап өзгерді
АЛМАТЫ. KAZINFORM – Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындысы бойынша доллар бағамы сәл қымбаттады.
Күндізгі сауда-саттық қорытындысы бойынша доллардың орташа бағамы 0,08 теңгеге өсіп, 452,59 теңге болды. Ұлттық банктің ресми бағамы - 452,12 теңге.
Kurs.kz мәліметіне сәйкес, елорданың ақша айырбастау орындарында:
- доллар 449,00 теңгеден сатып алынады, 456,00 теңгеден сатылады;
- еуро: сатып алу - 501,00 теңге, сату - 511,00 теңге;
- рубль: сатып алу - 5,25 теңге, сату - 5,45 теңге.
- юань: сатып алу - 66,82 теңге, сату - 70,44 теңге.
Алматының ақша айырбастау пункттерінде доллар орта есеппен 451,39 теңгеден сатып алынады, 453,11 теңгеден сатылады. Еуро 505,54 – 509,79 теңге, ал 5,24 – 5,35 теңге аралығында саудаланады. Ал юань 67,63 теңгеден сатып алынады, 70,41 теңгеден сатылады.
Еске салайық, өткен апта аяғында доллардың орташа бағамы 1,79 теңгеге түсіп, 452,12 теңге болды.