Қор нарығында доллар бағамы қандай
АЛМАТЫ. KAZINFORM – Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындысы бойынша доллар бағамы қымбаттады.
Күндізгі сауда-саттық қорытындысы бойынша доллардың орташа бағамы 1,76 теңгеге өсіп, 448,98 теңге болды. Ұлттық банктің ресми бағамы - 447,14 теңге.
Kurs.kz мәліметіне сәйкес, елорданың ақша айырбастау орындарында:
- доллар 446,00 теңгеден сатып алынады, 453,00 теңгеден сатылады;
- еуро: сатып алу - 499,00 теңге, сату - 509,00 теңге;
- рубль: сатып алу - 5,13 теңге, сату - 5,33 теңге.
- юань: сатып алу - 67,85 теңге, сату - 71,54 теңге.
Алматының ақша айырбастау пункттерінде доллар орта есеппен 449,01 теңгеден сатып алынады, 450,73 теңгеден сатылады. Еуро 500,05 – 504,88 теңге, ал 5,19 – 5,29 теңге аралығында саудаланады. Ал юань 67,38 теңгеден сатып алынады, 69,87 теңгеден сатылады.
Еске салайық, өткен апта аяғында доллардың орташа бағамы 4,02 теңгеге түсіп, 447,14 теңге болды.