Қор нарығында доллар бағамы қайта арзандады

АЛМАТЫ. KAZINFORM – Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындысы бойынша доллар бағамы арзандады.

Бугун Қозоғистонда доллар қанча тенгедан сотилади
Фото: Kazinform/СИ

Күндізгі сауда-саттық қорытындысы бойынша доллардың орташа бағамы 1,79 теңгеге түсіп, 452,12 теңге болды. Ұлттық банктің ресми бағамы - 454,14 теңге.

Kurs.kz мәліметіне сәйкес, елорданың ақша айырбастау орындарында:

- доллар 449,00 теңгеден сатып алынады, 456,00 теңгеден сатылады;

- еуро: сатып алу - 501,97 теңге, сату - 512,00 теңге;

- рубль: сатып алу - 5,20 теңге, сату - 5,40 теңге.

- юань: сатып алу - 66,44 теңге, сату - 70,45 теңге.

Алматының ақша айырбастау пункттерінде доллар орта есеппен 451,81 теңгеден сатып алынады, 453,74 теңгеден сатылады. Еуро 505,46 – 510,01 теңге, ал 5,23 – 5,34 теңге аралығында саудаланады. Ал юань 67,39 теңгеден сатып алынады, 70,10 теңгеден сатылады.

Еске салайық, 15 қазан күндізгі сауда-саттық қорытындысы бойынша доллардың орташа бағамы 2,93 теңгеге өсіп, 454,14 теңге болды.