Қор нарығында доллар бағамы өсті
АЛМАТЫ. KAZINFORM — Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындысы бойынша доллар сәл қымбаттады.
Күндізгі сауда-саттық қорытындысы бойынша доллардың орташа бағамы 0,19 теңге өсіп, 454,46 теңге болды. Ұлттық банктің ресми бағамы — 454,31 теңге.
Kurs.kz мәліметіне қарағанда, Астанадағы ақша айырбастау орындарында:
- доллар 452,86 теңгеден сатып алынады, 459,99 теңгеден сатылады;
- еуро: сатып алу — 524,00 теңге, сату — 534,00 теңге;
- рубль: сатып алу — 5,00 теңге, сату — 5,28 теңге.
- юань: сатып алу — 68,65 теңге, сату — 72,60 теңге.
Алматының ақша айырбастау пункттерінде доллар орта есеппен 454,68 теңгеден сатып алынады, 456,53 теңгеден сатылады. Еуро 527,70 — 531,83 теңге, ал рубль 5,10 — 5,22 теңге аралығында саудаланып жатыр. Ал юань 68,29 теңгеден сатып алынады, 70,55 теңгеден сатылады.
Еске салайық, 7 қыркүйек күндізгі сауда-саттық қорытындысы бойынша доллардың орташа бағамы 2,04 теңге түсіп, 454,31 теңге болды.