16:38, 26 Шілде 2024 | GMT +5
Қор нарығында доллар бағамы шамалы көтерілді
АЛМАТЫ. KAZINFORM — Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындысы бойынша, 1 доллардың теңгеге шаққандағы бағамы өсті.

KASE қор нарығындағы күндізгі сауда қорытындысы бойынша, доллар бағамы 0,10 теңгеге қымбаттады.
Бір АҚШ долларының орташа бағамы — 474,83 теңге.
Ұлттық банктің 26 шілдедегі ресми бағамы — 1 долларға 474,72 теңге.
Ресей рублінің орташа сараланған құны — 5,58 теңге.
Kurs.kz мәліметінше, қазіргі уақытта Алматының ақша айырбастау пунктерінде доллар 472,9 теңгеден сатылып жатыр, сатып алу бағамы — 474,7 теңге.
Ал, Астана қаласы бойынша сату бағамы — 472 теңге, сатып алу құны — 477 теңге.
Ресей рублі 5,37 — 5,53 теңге аралығында саудаланып жатыр.