Қор нарығында доллар бағамы тағы да 12 теңгеге қымбаттады
АЛМАТЫ. KAZINFORM — Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындысы бойынша, 1 доллардың теңгеге шаққандағы бағамы өсті.

KASE қор нарығындағы күндізгі сауда қорытындысы бойынша, доллар бағамы 12,06 теңгеге қымбаттады. Бір АҚШ долларының орташа бағамы — 524, 58 теңге.
Kurs.kz мәліметінше, қазіргі уақытта Алматының ақша айырбастау пункттерінде доллар 519,1 теңгеден сатылып жатыр, сатып алу бағамы — 526,1 теңге. Еуро 546,5 — 554,5 теңге аралығында құбылып тұр.
Ал, Астана қаласы бойынша долларды сату бағамы — 526 теңге, сатып алу құны — 550 теңге. Еуро 560 теңгеден сатылып, 545 теңгеден сатып алынады.
Дәл қазіргі уақытта ақша айырбастау орындарында Ресей валютасы 4,97- 5,10 аралығында саудаланып жатыр.
Ұлттық банктің 2 желтоқсанға арналған ресми бағамы — 1 долларға 511,22 теңге. Ресей рублінің орташа сараланған құны — 4,73 теңге. Еуро — 540,05.
Ұлттық банк базалық мөлшерлемені 15,25%-ға дейін көтерді.
Сондай-ақ Ұлттық банк төрағасы Тимур Сүлейменов доллар бағамының өзгеруі импорт тауарлары құнына әсер етуі мүмкін екенін айтты.
Осыған дейін ҚР Ұлттық банкі төрағасының орынбасары Виталий Тутушкин доллар бағамының 600 теңгеге дейін өсуі мүмкін бе деген сұраққа жауап берді.