Қор нарығында доллар біршама арзандады
АЛМАТЫ. KAZINFORM – Қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындысы бойынша, 1 доллардың теңгеге қатысты бағамы арзандады.
Күндізгі сауда-саттық мәліметіне қарағанда, доллар бағамы 0,07 теңгеге төмендеп, 1 доллар 440,90 теңге болды.
Айта кетейік, Ұлттық банктің 14 мамырдағы ресми бағамы – 1 доллар үшін 440,92 теңге.
Kurs.kz мәліметінше, Алматыдағы ақша айырбастау пункттерінде доллардың сату бағамы – 441,1 теңге, сатып алу – 442,7 теңге.
Ал, Астана қаласы бойынша сату бағамы – 440 теңгеден болса, сатып алу – 445.
Алматыда Ресей рублі 4,77 – 4,87 теңге аралығында саудаланып жатыр.
Астанада көрші ел валютасы 4,75 – 4,85 теңгеден сатылуда.