Қор нарығында доллар қайта арзандады
Қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындысы бойынша, 1 доллардың теңгеге қатысты бағамы арзандады, деп хабарлайды Kazinform.
Күндізгі сауда-саттық мәліметіне қарағанда, доллар бағамы 1,69 теңгеге төмендеп, 1 доллар 455,69 теңге болды.
Айта кетейік, Ұлттық банктің 20 желтоқсандағы ресми бағамы – 1 доллар үшін 458 теңге.
Kurs.kz мәліметінше, Алматыдағы ақша айырбастау пунктерінде доллардың сату бағамы – 457,4 теңге, сатып алу – 458,8 теңге.
Ал, Астана қаласы бойынша сату бағамы – 456 теңгеден болса, сатып алу – 458.
Алматыда Ресей рублі 5,02 – 5,14 теңге аралығында саудаланып жатыр.
Астанада көрші ел валютасы 5,03 – 5,07 теңгеден сатылуда.