Қор нарығында доллар қайта қымбаттады

доллар
Фото: pexels.com

АЛМАТЫ. KAZINFORM – Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындысы бойынша, 1 доллардың теңгеге шаққандағы бағамы өсті.

KASE қор нарығындағы күндізгі сауда қорытындысы бойынша, доллар бағамы 0,45 теңгеге қымбаттады.

Бір АҚШ долларының орташа бағамы - 444,22 теңге.

Ұлттық банктің ресми бағамы – 1 долларға 443,85 теңге.

Ресей рублінің орташа сараланған құны - 4,80 теңге.

Kurs.kz мәліметінше, қазіргі уақытта Алматының ақша айырбастау пункттерінде доллар 444,9 теңгеден сатылып жатыр, сатып алу бағамы – 446,5 теңге.

Ал, Астана қаласы бойынша сату бағамы – 444 теңге, сатып алу құны – 449 теңге.
Ресей рублі 4,76 – 4,81 теңге аралығында саудаланып жатыр.

Соңғы жаңалықтар