Қор нарығында доллар қайта қымбаттады

Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындысы бойынша, 1 доллардың теңгеге шаққандағы бағамы қайта өсті, деп хабарлайды Kazinform.

доллар
Фото: Kazinform

KASE қор нарығындағы күндізгі сауда қорытындысы бойынша, доллар бағамы 3,96 теңгеге қымбаттады.

Бір АҚШ долларының орташа бағамы 461,17 теңге.

Ұлттық банктің 23 қарашадағы ресми бағамы – 1 долларға 456,83 теңге.

Ресей рублінің орташа сараланған құны - 5,18 теңге.

Kurs.kz мәліметінше, қазіргі уақытта Алматының ақша айырбастау пункттерінде доллар 461,5 теңгеден сатылып жатыр, сатып алу бағамы – 464,3 теңге.

Ал Астана қаласы бойынша сату бағамы – 460 теңге, сатып алу құны– 465 теңге.

Ресей рублі 5,15 – 5, 27 теңге аралығында саудаланып жатыр.

Соңғы жаңалықтар