Қор нарығында доллар қайта қымбаттады

Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындысы бойынша, 1 доллардың теңгеге шаққандағы бағамы қайта өсті, деп хабарлайды Kazinform.

доллар
Фото: Рустем Айтхожин/Kazinform

KASE қор нарығындағы күндізгі сауда қорытындысына сәйкес, доллар 1,89 теңгеге қымбаттап, 1 АҚШ долларының орташа бағамы 464,49 теңге болды.

Ұлттық банктің 7 қарашаға белгілеген ресми бағамы: 1 долларға – 462,46 теңге, Ресей рубліне – 5,01теңге.

Kurs.kz мәліметінше, қазіргі уақытта Алматының ақша айырбастау пунктерінде доллар 464,7 теңгеден сатылып жатыр, сатып алу құны – 467,5 теңге.

Ал Астана қаласында 465 теңгеден сатылып жатыр, сатып алу – 469 теңге.
Ресей рублі 4,95 – 5, 01 теңге аралығында құбылып тұр.