Қор нарығында доллар қымбаттады

АЛМАТЫ. KAZINFORM — Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындысы бойынша, 1 доллардың теңгеге шаққандағы бағамы өсті.

доллар
Фото: Pexels

KASE қор нарығындағы күндізгі сауда қорытындысы бойынша, доллар бағамы 0,64 теңгеге қымбаттады.

Бір АҚШ долларының орташа бағамы — 442,05 теңге.

Ұлттық банктің ресми бағамы — 1 долларға 441,44 теңге.

Ресей рублінің орташа сараланған құны — 4,75 теңге.

Kurs.kz мәліметінше, қазіргі уақытта Алматының ақша айырбастау пункттерінде доллар 442,3 теңгеден сатылып жатыр, сатып алу бағамы — 443,9 теңге.

Ал, Астана қаласы бойынша сату бағамы — 440 теңге, сатып алу құны — 445 теңге.

Ресей рублі 4,67 — 4,77 теңге аралығында саудаланып жатыр.