Қор нарығында доллар қымбаттады
АЛМАТЫ. KAZINFORM – Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындысы бойынша 1 доллардың теңгеге шаққандағы бағамы өсті.
KASE қор нарығындағы күндізгі сауда қорытындысы бойынша доллар бағамы 1,09 теңгеге қымбаттады.
Бір АҚШ долларының орташа бағамы – 489,36 теңге.
Kurs.kz мәліметінше,қазіргі уақытта Алматының ақша айырбастау пункттерінде доллар 488,5 теңгеден сатылып жатыр, сатып алу бағамы – 490,03 теңге.Еуро 532 — 536 теңге аралығында саудалануда.
Ал, Астана қаласы бойынша сату бағамы – 489 теңге, сатып алу құны – 492 теңге.
Еуро 529 теңгеден сатылып, 532 теңгеден сатып алынады.
Ресей рублі 4,97 – 5,02 теңге аралығында саудаланып жатыр.
Ұлттық банктің 4 қарашаға арналған ресми бағамы — 1 долларға 488,11 теңге.Ресей рублінің орташа сараланған құны — 5,01 теңге.Еуро — 530,09.