Қор нарығында доллар қымбаттады

Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындысы бойынша, 1 доллардың теңгеге шаққандағы бағамы шамалы өсті, деп хабарлайды Kazinform.

доллар
Фото: Kazinform

KASE қор нарығындағы күндізгі сауда қорытындысы бойынша, доллар бағамы 0,04 теңгеге қымбаттады.

Бір АҚШ долларының орташа бағамы 453,34 теңге.

Ұлттық банктің ресми бағамы бойынша 1 доллар 453,19 теңгеге тең.

Ресей рублінің орташа сараланған құны - 5,02 теңге.

Kurs.kz мәліметінше, қазіргі уақытта Алматының ақша айырбастау пункттерінде доллар 454,3 теңгеден сатылып жатыр, сатып алу бағамы – 456,7 теңге.

Ал Астана қаласы бойынша сату бағамы – 452 теңге, сатып алу құны– 456 теңге.

Ресей рублі 4, 98 – 5,13 теңге аралығында саудаланып жатыр.

Соңғы жаңалықтар