Қор нарығында доллар қымбаттады

доллар
Фото: freepik.com

АЛМАТЫ. KAZINFORM — Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындысы бойынша, 1 доллардың теңгеге шаққандағы бағамы өсті.

KASE қор нарығындағы күндізгі сауда қорытындысы бойынша, доллар бағамы 0,86 теңгеге қымбаттады. 

Бір АҚШ долларының орташа бағамы — 476,27 теңге.

Ұлттық банктің 5 шілдедегі ресми бағамы — 1 долларға 475,39 теңге.

Ресей рублінің орташа сараланған құны — 5,40 теңге.

Kurs.kz мәліметінше, қазіргі уақытта Алматының ақша айырбастау пунктерінде доллар 477,3

теңгеден сатылып жатыр, сатып алу бағамы — 479,5 теңге. 

Ал, Астана қаласы бойынша сату бағамы — 473 теңге, сатып алу құны — 478 теңге.

Ресей рублі 5,29 — 5,45 теңге аралығында саудаланып жатыр.

Соңғы жаңалықтар
telegram