Қор нарығында доллар қымбаттады
АЛМАТЫ. KAZINFORM – Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қортындысы бойынша 1 доллардың теңгеге шаққандағы бағамы өсті.
KASE қор нарығындағы күндізгі сауда қорытындысы бойынша доллар бағамы 1,69 теңгеге қымбаттады. Бір АҚШ долларының орташа бағамы – 481,19 теңге.
Ұлттық банктің 30 қыркүйектегі ресми бағамы – 1 долларға 479,23 теңге. Ресей рублінің орташа сараланған құны – 5,16 теңге. Еуро – 534,96.
Kurs.kz мәліметінше, қазіргі уақытта Алматының ақша айырбастау пункттерінде доллар 479,7 теңгеден сатылып жатыр, сатып алу бағамы – 480,5 теңге. Еуро 535,5 — 540 теңге аралығында саудалануда.
Ал, Астана қаласы бойынша сату бағамы – 478 теңге, сатып алу құны – 482 теңге.
Еуро 532 теңгеден сатылып, 538 теңгеден сатып алынады. Ресей рублі 5,07 – 5,22 теңге аралығында саудаланып жатыр.