Қор нарығында доллар қымбаттады
АЛМАТЫ. KAZINFORM — Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындысы бойынша, 1 доллардың теңгеге шаққандағы бағамы өсті.
KASE қор нарығындағы күндізгі сауда қорытындысы бойынша, доллар бағамы 0,48 теңгеге қымбаттады.
Бір АҚШ долларының орташа бағамы — 441,41 теңге.
Ұлттық банктің ресми бағамы — 1 долларға 440,90 теңге.
Ресей рублінің орташа сараланған құны — 4,82 теңге.
Kurs.kz мәліметінше, қазіргі уақытта Алматының ақша айырбастау пункттерінде доллар 441,7 теңгеден сатылып жатыр, сатып алу бағамы — 443,3 теңге.
Ал, Астана қаласы бойынша сату бағамы — 440 теңге, сатып алу құны — 445 теңге.
Ресей рублі 4,77 — 4,85 теңге аралығында саудаланып жатыр.