Қор нарығында доллар қымбаттады

АЛМАТЫ. KAZINFORM - Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындысы бойынша, 1 доллардың теңгеге шаққандағы бағамы өсті. 

Доллар
Фото: Александр Павский/ Kazinform

KASE қор нарығындағы күндізгі сауда қорытындысы бойынша, доллар бағамы 0,13 теңгеге қымбаттады. Бір АҚШ долларының орташа бағамы – 479,05 теңге.

Kurs.kz мәліметінше, қазіргі уақытта Алматының ақша айырбастау пункттерінде доллар 480,58 теңгеден сатылып жатыр, сатып алу бағамы – 479,04 теңге. Ал, Астана қаласы бойынша сату бағамы – 481,01 теңге, сатып алу құны – 477,03 теңге. 

19 қыркүйек күні KASE қор нарығындағы АҚШ долларының орташа бағамы 478,93 тенге болды. 

Еске сала кетейік, бұған дейін қор нарығында доллар арзандағанын жазған едік. 

Соңғы жаңалықтар