Қор нарығында доллар қымбаттады

АЛМАТЫ. KAZINFORM – Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындысы бойынша, 1 доллардың теңгеге шаққандағы бағамы өсті. 

доллар
Фото: freepik

KASE қор нарығындағы күндізгі сауда қорытындысы бойынша, доллар бағамы 1,73 теңгеге қымбаттады. Бір АҚШ долларының орташа бағамы – 479,03 теңге.

Ұлттық банктің 12 тамыздағы ресми бағамы – 1 долларға 477,04 теңге. Ресей рублінің орташа сараланған құны – 5,37 теңге. Еуро – 520,78. 

Kurs.kz мәліметінше, қазіргі уақытта Алматының ақша айырбастау пунктерінде доллар 478,9 теңгеден сатылып жатыр, сатып алу бағамы – 481,1 теңге. Еуро 522, 05 – 526,5 теңге аралығында саудалануда.

Ал, Астана қаласы бойынша сату бағамы – 477 теңге, сатып алу құны – 481 теңге. Еуро 520 теңгеден сатылып, 525 теңгеден сатып алынады.

Ресей рублі 5,25 – 5,40 теңге аралығында саудаланып жатыр.