Қор нарығында доллар қымбаттады

АЛМАТЫ. KAZINFORM – Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындысы бойынша, 1 доллардың теңгеге шаққандағы бағамы өсті.

Доллар
Фото: Kazinform

KASE қор нарығындағы күндізгі сауда қорытындысы бойынша, доллар бағамы 0,25 теңгеге қымбаттады.

Бір АҚШ долларының орташа бағамы - 451,27 теңге.

Ұлттық банктің ресми бағамы – 1 долларға 451,08 теңге.

Ресей рублінің орташа сараланған құны - 4,88 теңге.

Kurs.kz мәліметінше, қазіргі уақытта Алматының ақша айырбастау пункттерінде доллар 451,7 теңгеден сатылып жатыр, сатып алу бағамы – 453,7 теңге.

Ал Астана қаласы бойынша сату бағамы – 449 теңге, сатып алу құны – 454 теңге.

Ресей рублі 4,75 – 4,9 теңге аралығында саудаланып жатыр.