Қор нарығында доллар қымбаттады
АЛМАТЫ. KAZINFORM – Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындысы бойынша, 1 доллардың теңгеге шаққандағы бағамы өсті.
KASE қор нарығындағы күндізгі сауда қорытындысы бойынша, доллар бағамы 0,96 теңгеге қымбаттады.
Бір АҚШ долларының орташа бағамы - 447,15 теңге.
Ұлттық банктің ресми бағамы – 1 долларға 446,14 теңге.
Ресей рублінің орташа сараланған құны - 4,81 теңге.
Kurs.kz мәліметінше, қазіргі уақытта Алматының ақша айырбастау пункттерінде доллар 446,7 теңгеден сатылып жатыр, сатып алу бағамы – 448,5 теңге.
Ал Астана қаласы бойынша сату бағамы – 446 теңге, сатып алу құны– 451 теңге.
Ресей рублі 4,75 – 4,83 теңге аралығында саудаланып жатыр.