Қор нарығында доллар қымбаттап жатыр

АЛМАТЫ. KAZINFORM – Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындысы бойынша, 1 доллардың теңгеге шаққандағы бағамы өсті. 

Деньги Ақша доллары
Фото: Александр Павский/ Kazinform

KASE қор нарығындағы күндізгі сауда қорытындысы бойынша, доллар бағамы 2,16 теңгеге қымбаттады.

Бір АҚШ долларының орташа бағамы – 477, 03 теңге.

Ұлттық банктің 18 шілдедегі ресми бағамы – 1 долларға 474,83 теңге.

Ресей рублінің орташа сараланған құны – 5,40 теңге.

Kurs.kz мәліметінше, қазіргі уақытта Алматының ақша айырбастау пунктерінде доллар 476,5 теңгеден сатылып жатыр, сатып алу бағамы – 478,5 теңге.

Ал, Астана қаласы бойынша сату бағамы – 474 теңге, сатып алу құны – 479 теңге.

Ресей рублі 5,33 – 5,43 теңге аралығында саудаланып жатыр.

Түркияда сәуір айында экспорт көлемі 25,4 млрд долларға жетті
Ұқсас жаңалықтар

Түркияда сәуір айында экспорт көлемі 25,4 млрд долларға жетті