18:00, 13 Маусым 2024 | GMT +5
Қор нарығында доллар сәл ғана арзандады
АЛМАТЫ. KAZINFORM – Қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындысы бойынша, 1 доллардың теңгеге қатысты бағамы арзандады.

Күндізгі сауда-саттық мәліметіне қарағанда, доллар бағамы 0,16 теңгеге төмендеп, 1 доллар 451,38 теңге болды.
Айта кетейік, Ұлттық банктің 13 маусымдағы ресми бағамы – 1 доллар үшін 451,77 теңге.
Kurs.kz мәліметінше, Алматыдағы ақша айырбастау пункттерінде доллардың сату бағамы – 451,1 теңге, сатып алу – 452, 9 теңге. Ал Астана қаласы бойынша сату бағамы 449 теңгеден болса, сатып алу – 454 теңге.
Алматыда Ресей рублі 4,91 – 5,09 теңге аралығында саудаланып жатыр. Астанада көрші ел валютасы 4,95 – 5,1 теңгеден сатылып жатыр.