Қор нарығында доллар сәл қымбаттады

АЛМАТЫ. KAZINFORM — Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындысы бойынша доллар бағамы қымбаттады.

обмен валют, ақша айырбастау
Фото: Виктор Федюнин / Kazinform

Күндізгі сауда-саттық қорытындысы бойынша доллардың орташа бағамы 0,65 теңгеге қымбаттап, 538,89 теңге болды. Ұлттық банктің 11 қыркүйекке ресми бағамы — 538,20 теңге.

Kurs.kz мәліметіне сәйкес, Алматының ақша айырбастау пункттерінде доллар орта есеппен 538,86 теңгеден сатып алынады, 540,79 теңгеден сатылады. Еуро 629,30 — 633,37 теңге, ал рубль 6,20-6,36 теңге аралығында саудаланады.

Елорданың ақша айырбастау орындарында:

— доллар 537,54 теңгеден сатып алынады, 542,54 теңгеден сатылады;

— еуро: сатып алу — 627,68 теңге, сату — 635,74 теңге;

— рубль: сатып алу — 6,20 теңге, сату — 6,40 теңге.

Шымкенттің ақша айырбастау пункттерінде доллар орта есеппен 538,32 теңгеден сатып алынады, 541,32 теңгеден сатылады. Еуро 626,32 — 631,36 теңге, ал рубль 6,20 — 6,33 теңге аралығында саудаланады.

Еске салайық, 10 қыркүйектегі күндізгі саттық қорытындысы бойынша доллардың орташа бағамы 1,46 теңгеге қымбаттап, 538,20 теңге болды.

Соңғы жаңалықтар