15:58, 26 Ақпан 2024 | GMT +5
Қор нарығында доллар шамалы арзандады
АЛМАТЫ. KAZINFORM – Қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындысы бойынша, 1 доллардың теңгеге қатысты бағамы арзандады.
Күндізгі сауда-саттық мәліметіне қарағанда, доллар бағамы 0,09 теңгеге төмендеп, 1 доллар 449,96 теңге болды.
Ұлттық банктің 26 ақпандағы ресми бағамы – 1 доллар үшін 449,88 теңге.
Kurs.kz мәліметінше, Алматыдағы ақша айырбастау пунктерінде доллардың сату бағамы – 449,7 теңге, сатып алу – 451,7 теңге.
Ал, Астана қаласы бойынша сату бағамы – 449 теңгеден болса, сатып алу – 453 теңге.
Алматыда Ресей рублі 4,77 – 4,87 теңге аралығында саудаланып жатыр.
Астанада көрші ел валютасы 4,75 – 4,9 теңгеден сатылуда.