Қор нарығында доллар шамалы арзандады

АЛМАТЫ. KAZINFORM – Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындысы бойынша,1доллардың теңгеге шаққандағы бағамы төмендеді.

доллар
Фото: freepik

KASE қор нарығындағы күндізгі сауда-саттық қорытындысы бойынша, доллар бағамы 0,24 теңгеге арзандады.

Бір АҚШ долларының орташа бағамы – 488,91 теңге.

Ұлттық банктің 5 қарашадағы ресми бағамы – 1 долларға 489,36 теңге. Ресей рублінің орташа сараланған құны – 4,99 теңге.Еуро – 533,45.

Kurs.kz мәліметінше, қазіргі уақытта Алматының ақша айырбастау пункттерінде доллар 489,1 теңгеден сатылып жатыр, сатып алу бағамы – 491,1 теңге. Еуро 531,5 – 535,5 теңге аралығында құбылып тұр.

Ал, Астана қаласы бойынша сату бағамы – 488 теңге, сатып алу құны – 493 теңге.Еуро 529 теңгеден сатылып, 535 теңгеден сатып алынады.

Ресей рублі 4,95 - 5,07 теңге аралығында саудаланып жатыр.

Соңғы жаңалықтар