Қор нарығында доллар шамалы қымбаттады
Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындысы бойынша 1 доллардың теңгеге шаққандағы бағамы өсті, деп хабарлайды Kazinform.
KASE қор нарығындағы күндізгі сауда қорытындысы доллар бағамының 0,78 теңгеге қымбаттағанын көрсетті.
Бір АҚШ долларының орташа бағамы 458,49 теңге.
Ұлттық банктің 11 желтоқсандағы ресми бағамы — 1 долларға 457,61 теңге.
Ресей рублінің орташа сараланған құны — 4,99 теңге.
Kurs.kz мәліметінше, қазіргі уақытта Алматының ақша айырбастау пунктерінде доллар 459,09 теңгеден сатылып жатыр, сатып алу бағамы — 462,3 теңге.
Ал Астана қаласы бойынша сату бағамы — 459 теңге, сатып алу құны– 460 теңге.
Ресей рублі 5,02 — 5,13 теңге аралығында саудаланып жатыр.