Қор нарығында доллар шамалы қымбаттады

Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындысы бойынша, 1 доллардың теңгеге шаққандағы бағамы өсті, деп хабарлайды Kazinform.

доллар
Фото: Kazinform

KASE қор нарығындағы күндізгі сауда қорытындысы бойынша, доллар бағамы 0,02 теңгеге қымбаттады.

Бір АҚШ долларының орташа бағамы 453,40 теңге.

Ұлттық банкттің ресми бағамы – 1 долларға 453,43 теңге.

Ресей рублінің орташа сараланған құны - 4,98 теңге.

Kurs.kz мәліметінше, қазіргі уақытта Алматының ақша айырбастау пунктерінде доллар 454,3 теңгеден сатылып жатыр, сатып алу бағамы – 457,1 теңге.

Ал Астана қаласы бойынша сату бағамы – 452,5 теңге, сатып алу құны– 456,5 теңге.

Ресей рублі 4,89 – 5,07 теңге аралығында саудаланып жатыр.

Соңғы жаңалықтар