15:53, 12 Қаңтар 2024 | GMT +5
Қор нарығында доллар тағы арзандады
Қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындысы бойынша, 1 доллардың теңгеге қатысты бағамы арзандады, деп хабарлайды Kazinform.
Күндізгі сауда-саттық мәліметіне қарағанда, доллар бағамы 1,52 теңгеге төмендеп, 1 доллар 451,33 теңге болды.
Айта кетейік, Ұлттық банктің 12 қаңтардағы ресми бағамы – 1 доллар үшін 453,12 теңге.
Kurs.kz мәліметінше, Алматыдағы ақша айырбастау пунктерінде доллардың сату бағамы – 451,7 теңге, сатып алу – 453,3 теңге.
Ал, Астана қаласы бойынша сату бағамы – 453 теңгеден болса, сатып алу – 455
Алматыда Ресей рублі 5,02 – 5,12теңге аралығында саудаланып жатыр.
Астанада көрші ел валютасы 4,97 – 5,12 теңгеден сатылуда.