Қор нарығында доллар тағы арзандады
АЛМАТЫ. KAZINFORM – Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындысы бойынша, 1 доллардың теңгеге шаққандағы бағамы төмендеді.
KASE қор нарығындағы күндізгі сауда-саттық қорытындысы бойынша, доллар бағамы 0,12 теңгеге арзандады.
Бір АҚШ долларының орташа бағамы – 488,11 теңге.
Ұлттық банктің 1 қарашадағы ресми бағамы – 1 долларға 488,26 теңге. Ресей рублінің орташа сараланған құны – 5,03 теңге. Еуро – 530,54.
Kurs.kz мәліметінше, қазіргі уақытта Алматының ақша айырбастау пункттерінде доллар 488 теңгеден сатылып жатыр, сатып алу бағамы – 489,2 теңге. Еуро 530 – 532 теңге аралығында құбылып тұр.
Ал, Астана қаласы бойынша сату бағамы – 487 теңге, сатып алу құны – 492 теңге.Еуро 527 теңгеден сатылып, 533 теңгеден сатып алынады.
Ресей рублі 4,97 - 5,07 теңге аралығында саудаланып жатыр.
Осыған дейін Ұлттық банк төрағасы Тимур Сүлейменов доллар курсына қатысты пікір білдірген еді.