Қор нарығында доллар тағы арзандады
Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындысы бойынша, 1 доллардың теңгеге қатысты бағамы төмендеді, деп хабарлайды Kazinform.
Күндізгі сауда-саттық мәліметіне қарағанда, доллар құны 1 теңгеге төмендеп, 1 доллар 475,78 теңге болды.
Айта кетейік, Ұлттық банктің 12 қазанға белгілеген ресми бағамы – 1 доллар үшін 476, 78 теңге.
Kurs.kz мәліметінше, Алматыдағы ақша айырбастау пункттерінде доллар 475,7 теңгеден сатылып жатыр, сатып алу – 478,3 теңге.
Ал Астана қаласында сату бағасы – 473 теңге болса, сатып алу – 478 теңге.
Ресей рублі Алматыда 4,85 – 5,05 теңге, Астанада 4,80– 4,95 теңге аралығында саудаланып жатыр.